«Сапалы білім – тұрақты даму кепілі»Farabi University

«Сапалы білім – тұрақты даму кепілі»

19 ақпан, 2025

2025 жылдың 19 ақпанында БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын(ТДМ-4: Сапалы білім беру) іске асыру шеңберінде ХАТУ білім беру кеңістігінің негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «8D01704 - Орыс тілімен әдебиеті» мамандығы бойынша 1 курс докторанттары ұйымдастырған тәрбие сағаты өтті. Іс-шара педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының профессорлары А.Болатбаева мен А.Мұқашеваның басшылығымен өтті. Іс-шараның мақсаты қоғамның табысты болашағының негізі ретінде сапалы білім берудің маңыздылығына назар аудару болды.Квест-сабақ форматы қатысушыларға - ҚазҰУ, ХАТУ студенттері мен докторанттарына білім беру процесінің негізгі аспектілерін, ғылым мен оқыту саласындағы жаһандық сын-қатерлер мен өзгерістерді интерактивті түрде зерделеуге мүмкіндік берді. Квест барысында қатысушылар талдамалық ойлауды, ынтымақтастықты және шығармашылық тәсілді талап ететін практикалық тапсырмаларды шешті. Білім алудың қолжетімділігі, оқытудың инновациялық әдістері және сапалы білімді қалыптастырудағы оқытушының рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара қатысушылардың қызығушылығын тудырып, олардың кәсіби біліктіліктерін дамытуға септігін тигізді және тақырыптың өзектілігін растады. Тәрбие сағаты қоғамның тұрақты дамуы үшін басты ресурс ретінде білім берудің рөлін түсінудегі маңызды қадам болды.Іс-шараны ұйымдастырушылар педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының докторларына қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ студенттерге белсенділік пен қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді