«ҮЗДІК СТУДЕНТ» жобасыFarabi University

«ҮЗДІК СТУДЕНТ» жобасы

6 ақпан, 2025

6 ақпан 2025жыл Механика-математика факультеті 324 аудиториясында Механика-математика факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен «ҮЗДІК СТУДЕНТ» атты жобасы өтті. Бұл жоба студенттердің арасында сайыс тұрғысында өткізілді. Сайыстың төрешілері Механика-математика факультетінің студенттік деканы Тұрсынтай Нұрхан Нұрболатұлы, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының «ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТ-2025» жобасының координаторы Куанышкали Нұртілек Нурбекұлы, Механика-математика факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының төрағасы Сейт Нұрбақыт Нұралыұлы болды. Сайысымызды студенттердің арасында 3 кезең арқылы ұйымдастырылды. Қатысушыларымыздың білімі сынға түсті. Енді сол кезеңдерге тоқтала кетсек

1-кезең Tanysbol-Бұл кезеңде қатысушылар әзірлеп әкелген таныстыруларын көрсетті. Кейбірі креативке толы видео монтажымен келсе кейбірі өздері туралы презентациямен келді. Дайындап келген жобаларында өздері туралы толық ақпараттар беріп, айналысатын қызығушылықтары туралы сөздер қозғалды.

2-кезең Brain Raing-Бұл кезеңде қатысушыларымыздың тапқырлығы мен ақыл ойлары сынға түсті. Қатысушыларымызға берілген парақтағы тапсырмаларда түрлі жанрдағы сәйкестендірулер болды. Алғырлықтарының арқасында бұл кезеңді ойдағыдай атқарып шықты.

3-кезең Cells and questions-Бұл кезеңде студенттерімізге түрлі тақырыпта ұяшықтар берілді. Атап айта кетсек Қазақ Ұлттық университетінің тарихы, Математика, Физика, Қазақ тілі және Қазақстан тарихына арналған сұрақтарды қамтыған ұяшықтар болды. Таңдауларына сай ашылған ұяшықтардағы сұрақтар қызықты да деңгейлеріне сай болды.

Бұл жоба студенттердің білімдерін тексеріп қана қоймай қоғамдық сайыстарға қаншалықты қатыса алатындарын біле алдық. Қызығушылықтарына сай жасап жүрген істерін таныстырып та кетті. Сұрақтарымыз арқылы білімдерін алмасты деп те айта аламыз. Соңы қорытындылаумен аяқталды. Әрине жарыс бар жерде ұтыс та ұтылыс та қатар жүретіні анық. Төрешілер шешімі бойынша

1-орын Бауыржан Бибінур

2-орын Кәкен Ерасыл

3-орын Куандык Нурбала

«ҮЗДІК СТУДЕНТ» жобасы студенттердің білімін тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, командалық жұмыс және аналитикалық ойлау сияқты маңызды дағдыларды дамытуға да септігін тигізеді. Презентацияларды әзірлеу мен шығармашылық тапсырмаларды орындау секілді кезеңдер ТДМ 4: Сапалы білім беру мақсатын қолдай отырып, студенттердің білімін кеңейтуге және олардың білім беру нәтижелерін жақсартуға бағытталған. Бұдан бөлек, осындай байқауларға қатысу студенттерге болашақ кәсіби өмірлерінде қажет болатын дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі, бұл ТДМ 8: Қоғамдық еңбек және экономикалық өсу мақсаттарын қолдауға ықпал етеді. Студенттер жинаған тәжірибесі арқасында карьерасында өсіп, экономикалық салада табысты болу мүмкіндігіне ие болады.