- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ аясында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында «Жырлайды жүрек!» атты әдеби-сазды кеш өтті.
ТДМ аясында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында «Жырлайды жүрек!» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Тұрақты даму мақсаттары шаралары шеңберінде 2025 жылдың 18 ақпанында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында қазақтың ақиық ақыны М. Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек!» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараны кафедраның аға оқытушылары, куратор-эдвайзерлері: Айым Жамиханқызы Назарова, Күлжан Бекенқызы Жанатаева, Гүлзада Қанатқызы Теменова 2-3 курс студенттерімен бірге ұйымдастырды. Мерекелік шараға Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақнұр Халел және ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Эльнара Зильпикарқызы Дулаева кафедраның шақыртылған профессоры Саваш Шахин, кафедраның профессор-оқытушы құрамы, магистранттар, докторанттар және студенттер қатысты.
Кешті 3 курс студенттері Аружан Қадырхан мен Мереке Жолымбек жүргізді. 3 курс студенті Жания Ілияс ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған видео баяндама жасады. 2 студенттері: Д. Айтупова «Юность», Ж. Садвакасова «Три счастья», Б. Тұрғанбай «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы», К. Ушурова «Моя любовь во вне» оқыса, 3 курс студенттері ақынның шығармашылығынан «Ей, өмір», «Болады деп арманда», «Өмір жайлы», «Өз өзіңді жақсы көр» өлеңдер оқып, қонақтарды жырмен сусындатты.
3 курс студенті Аяжан Құдайберген Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған қызықты ойындар ойнатты. Жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірді. Кеш соңында қонақтар сөз алып, кештен алған әсерлерімен бөлісті.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы
кафедрасының аға оқытушылары:
А.Ж. Назарова, К.Б. Жанатаева, Г.Қ. Теменова.
Басқа жаңалықтар

