«Ана тілім - ажарым, асыл мұрам» атты дөнгелек үстелFarabi University

«Ана тілім - ажарым, асыл мұрам» атты дөнгелек үстел

21 ақпан, 2025

Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасының

 №4 «Сапалы білім беру» бөлімі жүзеге асты

 2025 жылы 21 ақпан күні «Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасының №4 «Сапалы білім беру» атты бөлімінің мақсаттарын жүзеге асыру бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Тарих факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілім - ажарым, асыл мұрам» атты дөнгелек үстел болып өтті. Іс-шараға тарих факультетінің оқытушылар құрамы және 1-курс студенттері қатысты.  

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты:  бүгінгі ұрпаққа Ана тіліміз - қазақ тілімізді дәріптеу және насихаттау. Шараға тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Д.С. Байгунаков, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б.Б. Кәрібаев, т.ғ.к., доцент Е.Н. Ноянов, аға оқытушы С. Сұмағұлов т.ғ.к., аға оқытушы Ж.М. Арынов, сондай-ақ Иссык қаласынан келген тарих пәнінің мұғалімі  Е.М. Өміржан қатысты. Қонақтарымыздың әрқайсы сөз сөйлеп, қазақ тіліміздің бүгінгі мән-жайына тоқталып өтті. Соңында өнерлі студенттер арнауларын паш етті.