- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академик Т.Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына арналған жыл сайынғы Тәжібаев оқулары - «Білім беру мен психология ғылымының дамуы: өткен, қазір және болашақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Академик Т.Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына арналған жыл сайынғы Тәжібаев оқулары - «Білім беру мен психология ғылымының дамуы: өткен, қазір және болашақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылдың 21 ақпанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында академик Т.Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Білім беру мен психология ғылымының дамуы: өткен, қазір және болашақ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырады: ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат», ТДМ 4 «Сапалы білім беру», ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік».
***
Конференцияның пленарлық отырысын басқарма мүшесі – әлеуметтік даму жөніндегі проректор С.Суатай ашты. Ол ҚазҰУ ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың құттықтау сөзін оқып берді.
Ерекше тапсырмалар бойынша елші – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Жәнібек Жарасқанұлы Әбдірашов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі атынан құттықтау сөз сөйледі.
Т. Тәжібаевтың шәкірті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚазҰУ ардагері Жолмұхан Түрікпенұлы өз естеліктерімен бөлісті. Биылғы жылы ол өз баяндамасында оқушы тұлғасын дамытудың маңызды бағыты ретінде жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеуге назар аударды.
Әлеуметтік даму жөніндегі проректор С.Суатай кадр даярлауға, психологиялық-педагогикалық ғылым мен білімнің қалыптасуына, университетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін университетпен құрдас профессор Ж. Түрікпенұлын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.
Келесі кезекте профессор Ә.Мәуленов дайындаған Академик Т.Тәжібаев туралы бес томдық және қазақ тілінде қайта басылып шыққан «Жалпы психология» оқулығының тұсаукесер рәсімі өтті.
Дипломатияның дамуына үлес қосудың маңыздылығын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласы бойынша өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы, бірінші дәрежелі кеңесші Алмаша Арыстанқызы Аренова өз сөзінде атап өтті. Академиктің немересі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Тәжібаева Ляйля Еркежанқызы Т.Тәжібаев туралы естеліктерімен бөлісті.
Пленарлық мәжілістің төрағасы Философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Берікбайұлы Мейірбаев ҚазМУ-дың үшінші ректоры қызметін атқарған Төлеген Тәжібаевтың университеттің дамуына, сондай-ақ 1947 жылы логика және психология кафедрасының ашылуына сіңірген еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Одан кейін ғалымдар баяндама жасады: А.К. Мынбаев «Т.Тәжібаев пен А.И. Сембаев Қазақстан педагогикасы мен психологиясы тарихын дамытуда (Т. Тәжібаевтың 115 жылдығына және Ә.И. Сембаевтың 120 жылдығына)»; п.ғ.д., проф. Татьяна Николаевна Листопад «Эстониядағы психология тарихы мәселесі туралы» (Таллин, Эстония); пед. ғ.д., проф. Бақыт Диқамбаевич Сыдыхов «Т. Тәжібаев және руханият»; доцент Барнохон Хомиджоновна Болтаева «Жоғары мектеп мұғалімінің біліктілігін арттыру мәселесіне теориялық көзқарас» (Ташкент, Өзбекстан); п.ғ.д., проф. Сергей Владимирович Мыскин «Деструктивті сөйлеу коммуникациясының психологиясы» (Мәскеу, Ресей); психол.ғ.к. Жарас Сейітнұрұлы «Психология тарихындағы редукционизм мәселесі»; психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Алия Сақтағанқызы Мамбеталина «Жастардағы аутодеструктивті ойларды зерттеу» (Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана); п.ғ.д., доцент Арман Лесханұлы Нұрмаханбетов «Алматыдағы әл-Фараби ат.ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ғылыми зерттеулердің даму тенденциялары (МҒЗЖ және СҒЗЖ); педагогика ғылымдарының кандидаты, Қырғыз дене шынықтыру және спорт академиясының проректоры Нурмира Абдыбековна Абдыбекова «Білім беру және цифрландыру: ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың негізгі іргетасы ретінде» (Бішкек, Қырғызстан); медицина ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының меңгерушісі Алуа Исламчаевна Миралеева «Батыс Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының мысалында студенттердің әл-ауқатын жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру» (Оспанов атындағы БҚМУ, Ақтөбе қ.); фил. ғ.д., проф. Алмасбек Анықбекұлы Мәуленов «Қарашаңырақ ҚазуУ-дың аңыз Ректоры Т.Тәжібаев».
Түскі астан кейін келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстар өткізілді:
- Білім беру және психология ғылымының тарихы, академик Т.Т. Тәжібаевтың ғылыми идеялары мен басқарушылық қызметі.
- Жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы және әл-ауқаты. Практикалық психология мәселелері.
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы инновациялар: әлемдік тәжірибе және оны шешу жолдары.
- Жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби өсуіне әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тәсілдер.
Конференция материалдарының жинағына ғалымдардың, оқытушылардың және мектеп мұғалімдерінің 100-ге жуық мақалалары енді. Халықаралық конференцияға Қазақстан, Эстония, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің ғалымдары қатысты.
Тәжібаев оқуларын өткізу дәстүрі ширек ғасырға таяп қалды. Оның негізін қалаушы профессор Қ.Б. Жарықбаев. Бұл 24-ші Тәжібаев оқулары болатын.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: З.М. Садуақасова, М.П. Кабакова, Э.Т. Адилова, Ш.Н. Закарьянова, Н.М.Садықова, А.Дүйсенбаева, Л.А. Лимашева, А.Ж. Құдайбергенова, Т.Е.Қонысбай, сонымен қатар, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына алғыс айтамыз.
Пресс-релиз академик Т.Тәжібаевтың туғанына 115 жыл
https://www.youtube.com/watch?v=pecULW5rMz0
Басқа жаңалықтар

