Арабтану орталығында ЖИ технологияларын пайдалану бойынша ғылыми, әдістемелік семинар жалғасудаFarabi University

Арабтану орталығында ЖИ технологияларын пайдалану бойынша ғылыми, әдістемелік семинар жалғасуда

26 ақпан, 2025

Арабтану орталығының директоры ф.ғ.д.,  доцент  Джубатова Б.Н. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  ұсынған ЖИ технологияларын білім беру ісіне енгізу туралы академиялық саясатына сәйкес шығыстану факультеті ОПҚ мен біл ім алушыларына "Білім беруде жасанды интеллектіні қалай пайдалануға болады?" атты семинар өткізді.
Семинар спикері Джубатова Б.Н. ЖИ ді ғылыми зерттеулер жүргізу мен білім беруде қолданудың артықшылықтарымен қатар, кемшіліктерін де атап өтті. ЖИ дің шет тілін үйренуде мүмкіндігі зор екенін алға тартып, оның көмегімен кез-келген тілде , кез-келген тақырыпта сұхбат жүргізуге, диалог құруға, тіпті шет тілдерін білу деңгейін анықтайтын халықаралық тест стандарттарына дайындалуға, белгілі бір жоспар құруға болатынын  тиімді әрі қолжетімді сайттар арқылы түсіндірді. Дегенмен ЖИ дің жылдам әрі тез шешім қабылдау арқылы көмекке келетініне қарамастан, адамдағы эмоциялық сезімдерді алмастыра алмайтынын да атап өтті.
Семинарға Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары, сондай-ақ, Нұр-Мүбарак университетінің студенттері де қатысты.