- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында Қазақстан мен Қытайдың автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастығы туралы ғылыми семинар өтті
Қытайтану кафедрасында Қазақстан мен Қытайдың автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастығы туралы ғылыми семинар өтті

2025 жылғы 25 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Қазақстан мен Қытайдың автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастығын дамыту» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Қытайтану кафедрасы «Шығыстану» мамандығының 2-курс докторанты Лю СиЯоның зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырды.
Семинарға оқытушылар, докторанттар, магистранттар және Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тақырыбына қызығушылық танытқан барлық қатысушылар жиналды. Шара барысында автомобиль өнеркәсібінің стратегиялық маңызы, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі, сондай-ақ экономикалық әріптестікті ілгерілетудегі мәдени факторлардың рөлі талқыланды.
Докторант Лю СиЯо өз зерттеу нәтижелерін ұсынып, Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі үрдістеріне ерекше назар аударды. Ол екі ел арасындағы бірлескен жобалардың даму кезеңдерін талдап, негізгі мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, ол мәдени алмасулардың экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша осы саладағы зерттеулерді жалғастыру қажеттілігі айтылды.
Басқа жаңалықтар

