ПӘКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН НӘТИЖЕЛІ КЕЗДЕСУ 25.02.2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінде бірқатар пәкістандық кәсіпкерлермен қатар KAZ-PAK ассоциациясының президенті Хабиб ур Рахман және Пәкістан Ұлттық банкінің директоры Мұхаммад Рафиқ мырзамен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – Лахор қаласында онлайн біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы урду тілі бөлімінің оқытушылары Канафьева Шынар Ерланқызы мен Жарбосынова Назеркеге сертификаттар табыстау. Іс-шара барысында урду тілі оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруда білім беру саласындағы бастамаларының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, пәкістандық қонақтар урду бөлімінің бірінші курс студенттеріне ынталандыру ретінде арнайы қаржылай сыйлықтар табыстап, білім алушыларлың алдағы білім жолына сәттілік тіледі. Пәкістандық жұмыс берушілер екі ел арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған білім беру және зерттеу жобаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Кездесу барысында Мухаммад Али Джинна орталығының рөліне ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту және мәдени диалогты ілгерілету бағытында маңызды алаңға айналып келеді. Қатысушылар бұл орталықтың білім беру және зерттеу салаларында екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтастықтың келешегін, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Басқа жаңалықтар

