"Шымбұлақ" тау шаңғы курортына экскурсия

2025 жылғы 20 ақпанда Баку Мемлекеттік Университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "7M04212 – Теңіз және энергетикалық құқық" екі дипломды магистратура бағдарламасында оқитын магистранттары Алматы қаласындағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортына барды. Сапар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) №3 «Салауатты өмір салты және амандық» аясында ұйымдастырылып, курорттың тарихымен, қысқы спорт түрлерін дамытудағы рөлімен және тау экологиясына әсерімен танысуға бағытталды.
Іс-шараны Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қуаналиева Г.А., "7M04212 – Теңіз және энергетикалық құқық" екі дипломды магистратура бағдарламасының үйлестірушісі профессор Айгаринова Г.Т. және эдвайзер Рашева Г.К. ұйымдастырды.
Қатысушылар құрамында Баку Мемлекеттік Университетінің магистранттары: Амирли Азиза Ильхам, Ибрахимзаде Лала, Маммадова Севда, Мирзаева Севиндж, Таярлы Синан, Хусейнова Айнур, Хусейнов Араз, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистранттары: Абилова Динара, Нагманов Нұрлан болды.
Экскурсия барысында магистранттар "Шымбұлақ" курортының инфрақұрылымымен танысып, шаңғы трассаларын күтіп ұстауда қолданылатын заманауи технологиялар туралы білді, сондай-ақ туристік ағын жағдайында қоршаған ортаны қорғау шараларымен танысты. Тұрақты даму мәселелеріне, оның ішінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен экологиялық әсерді азайтуға ерекше назар аударылды.
Басқа жаңалықтар

