Фараби университетінің дарынды жас қаламгерлеріне арналғанFarabi University

Фараби университетінің дарынды жас қаламгерлеріне арналған

26 ақпан, 2025

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Егер сіз сөз өнерін серік етіп, қолыңызға қасиетті қалам ұстап, көркем сөз шығармашылығымен айналысып жүрсеңіз, туындыңыздың жарық көргенін, өз оқырманын тапқанын қаласаңыз, бізбен хабарласыңыз

Әуезов атындағы әдеби бірлестік Фараби университетінің жас ақын-жазушыларының шығармаларының электронды жинағын жариялауды жоспарлап отыр. Жинаққа ұсынылған шығармалар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің оқырман конференцияларында оқылып, талданатын болады.                                       

Мақсаты: ҚазҰУ студенттерінің  әдеби шығармашылығын насихаттау; жас ақындарды, қаламгерлерді таныту, қолдау көрсету.

 Жинаққа ұсынылған әдеби шығармалар редакция тарапынан іріктеліп,  Абай ғылыми-зерттеу институтының сайтында электронды кітап түрінде жарияланады. Жыл соңында үздік туындылар анықталып, марапатталады.

Шығармаға қойылатын талаптар:

–сөз өнерінің барлық жанрларында (өлең, әңгіме, повесть, эссе, рецензия, шағын драма, комикс т.б.) және еркін тақырыпта жазылады;

– Прозалық шығарма 3 беттен кем болмауы тиіс;

– Бір автор екі шығармасын түрлі жанрда ұсына алады;

– Туындылар осыған дейін жарияланбаған болуы тиіс;

– Автор өзі туралы шағын мәлімет беруі тиіс (фотосымен);

– Мәтін Times New Roman, 14 шрифт, интервал 1, жақтаулары: үсті-асты – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 2 см;

- Туындылар 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін мыны электронды поштаға қабылданады:  abaigzikonf@mail.ru

Құрметпен, Әуезов атындағы әдеби бірлестік

Байланыс нөмірлері: Гүлжан Ыбырайқызы - 8(707 460 28 76)

Алма Кенжеқожаева -  8 (707 919 72 53)

 Фараби кітапханасы, 3 этаж, 302 кабинет.