- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Біздің бірегейлігіміз – біздің күшіміз». Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында этникалық теңдік
«Біздің бірегейлігіміз – біздің күшіміз». Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында этникалық теңдік
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «Экология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Біздің бірегейлігіміз – біздің күшіміз» тақырыбында топ эдвайзері Құрбанова Л.С. кураторлық сағат өткізді.
ТДМ 10 Әлеуметтік теңсіздікті азайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы әртүрлі этникалық топтар арасындағы теңдік пен ынтымақтастықты қолдайды, бұл мақсатта этникалық және мәдени әртүрлілікке құрметпен қарау арқылы әлеуметтік теңсіздіктерді азайтуға ықпал етеді. Іс-шарада әртүрлі ұлттардың өз мәдениеттерін сақтай отырып, бір-бірімен бейбіт әрі тең дәрежеде өмір сүруі туралы айтылды.
Бұл мақсат Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлін көрсетеді, өйткені Ассамблея этникалық және мәдени топтар арасында бейбітшілік пен келісім орнатуға бағытталған. Қазақстанда түрлі этностардың ынтымақтастығы мен ортақ мәдениетке негізделген бірлігі елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке ықпал етеді. Сонымен қатар, Ассамблеяның миссиясы қоғамдағы әділеттілік, заңдылық және интеграцияны қамтамасыз ету болып табылады.
Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанның көпэтникалық қоғамындағы бірегейлік, мәдениеттердің өзара әрекеттесуі және этникалық сан алуандықтың маңызы туралы білім берілді. Бұл сапалы білім беруді қалыптастыру мен жастардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Іс-шара көпұлтты және көпмәдениетті қоғамдағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға, ұлттық бірлік пен өзара құрметті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Студенттер осы іс-шара арқылы еліміздің көпэтникалық және көпмәдениетті болашағына өз үлестерін қосуға ынталы екендіктерін көрсетті.
Басқа жаңалықтар

