«Қарагөз» қойылымына саяхатFarabi University

«Қарагөз» қойылымына саяхат

26 ақпан, 2025

2024 жылғы 26 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 6В01704 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы негізінде қойылған спектакльді тамашалады.

Бұл сапар студенттер үшін ерекше әсерлі әрі мағыналы болды. Қойылым қазақ халқының ұлттық мәдениеті, тұрмысы және адами қарым-қатынастарына терең бойлауға мүмкіндік берді. Студенттер қазақ халқының ежелгі дәстүрлері мен ұлттық болмысын сахна арқылы көріп, жаңа көркемдік көзқарас қалыптастырды.

Спектакльдің көркемдік деңгейі мен актерлердің кәсіби шеберлігі көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Актерлердің эмоционалды ойыны, сахналық қимыл-қозғалыстары мен драмалық шиеленісі студенттердің сезіміне әсер етіп, олардың қойылымның ажырамас бөлігіне айналуына мүмкіндік берді.

Бұл мәдени сапар студенттерге театр өнерінің құдіретін сезінуге ғана емес, өз халқының мәдени мұрасына деген құрметі мен сүйіспеншілігін одан әрі арттыруға ықпал етті.

Ұйымдастырушы: 6В01704 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы, 103-тобының эдвайзері, аға оқытушы Уәлиханова Гүлнұр Өркенқызы