
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы «Таза су және санитария мәселелері» тақырыбында Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар баршаға таза ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, санитарлық жағдайды жақсарту және су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін талқылады.
Іс-шараның мақсаты – таза су мен санитария саласындағы заңнамалық өзгерістер мен жетістіктер туралы ақпарат беру, сондай-ақ ғылыми білім мен тәжірибе алмасу алаңын құру.
СПИКЕР: Карашева Ж.Т.
Семинарда таза суға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық құралдар, су ресурстарын тиімді басқару және тұрақты пайдалану, санитария және гигиена стандарттарын жақсартудың әлеуметтік маңызы,су сапасын бақылау және қоршаған ортаға әсерін азайту,халықаралық тәжірибелер мен су қауіпсіздігі жөніндегі статистикалық деректер қамтылды.
Қатысушылар таза суға қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірледі. Олардың қатарында ауыз судың сапасын арттыру, су ресурстарын үнемдеу шаралары және халықтың санитарлық-гигиеналық мәдениетін көтеру мәселелері қарастырылды.
Семинар қатысушылары өз пікірлерін білдіріп, жаңа идеяларын ұсынды, бұл құқықтық реттеу мен әлеуметтік саясатта су ресурстарын тиімді басқаруды нығайтуға ықпал ететін маңызды қадамдар болды.
Бұл семинар таза су мен санитарияны қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болып табылады және қатысушылар алған білімдерін кәсіби және азаматтық қызметінде белсенді пайдаланатынына сенім білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

