📢 Халықаралық ана тілі күніне арналған іс-шараFarabi University

📢 Халықаралық ана тілі күніне арналған іс-шара

27 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы СВК «Шапағат» ұйымымен бірлесіп, Халықаралық ана тілі күніне орай университет кітапханасында тақырыптық іс-шара өткізді.
🌍 Іс-шара тақырыбы: «Ана тілінің күші: тіл мұрасын сақтау және дамыту»
Бұл күн тіл мұрасын сақтау мен дамыту, мәдени бірегейлікті нығайту және ұлтаралық келісімді қолдау маңыздылығын еске салады. Іс-шара барысында ана тілінің құқық саласындағы рөлі және оның құқық қолдану тәжірибесіндегі маңызы талқыланды.
📖 Қатысушылар құнды әдеби және ғылыми еңбектермен танысып, тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылап, сарапшылармен пікір алмасты.
📌 Осындай кездесулер тек білімді нығайтуға ғана емес, сонымен қатар тілдік және мәдени әртүрлілікке құрметпен қарайтын ғылыми қауымдастықты дамытуға ықпал етеді.
#ҚазҰУ #ХалықаралықАнаТіліКүні #АнаТілі #ТілМұрасы #Құқық