📢 М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының докторанттары ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтадыFarabi University

📢 М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының докторанттары ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтады

27 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы базасында М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының докторанттары ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында болашақ ғалымдар қылмыстық құқық, криминалистика және құқық қолдану практикасы салаларында білімдерін тереңдетіп, сараптамалық пікірталастар мен ғылыми семинарларға қатысты.
📖 Тағылымдама бағдарламасы жетекші мамандармен жұмыс істеуді, өзекті құқықтық мәселелерді талдауды және кафедра оқытушыларымен тәжірибе алмасуды қамтыды. Қатысушылар өздерінің болашақ ғылыми-зерттеу қызметіне негіз болатын құнды теориялық және практикалық білім алды.
🎓 Іс-шараның ұраны: «Ғылым мен практика: білімнің бірлігі – әділетке апарар жол!»
Докторанттарды тағылымдаманы сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз және алдағы ғылыми жетістіктеріне табыс тілейміз! 🚀