БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 17-сін – Тұрақты даму үшін жаһандық серіктестікті нығайту мақсатында жүзеге асыру аясында 🇺🇳 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының докторанты Shanghe Youth Advanced Training Program бағдарламасына қатысуда📚.Farabi University

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 17-сін – Тұрақты даму үшін жаһандық серіктестікті нығайту мақсатында жүзеге асыру аясында 🇺🇳 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының докторанты Shanghe Youth Advanced Training Program бағдарламасына қатысуда📚.

27 ақпан, 2025

📌 Бағдарлама аясында қатысушылар Қытайдың Синьцзян ұлттық судьялар колледжінің филиалында (Xinjian Branch of National Judges College) 🇨🇳 білім алуда.
📌 22 ақпанда салтанатты ашылу рәсімі өтті, онда бағдарлама өкілдері мен Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Әділет департаментінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі.
Ресми бөлімнен кейін қатысушылар «The Construction and Development of Rule of Law in Xinjiang» тақырыбындағы алғашқы дәрісті тыңдады. Дәрісті профессор Tan Lei жүргізді.
📚 Бағдарлама жалғасуда, алда құқықтық реттеудің әртүрлі аспектілеріне арналған мазмұнды дәрістер мен талқылаулар күтілуде ⚖.