Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

2025 жылдың 26 ақпанында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 2 курс студенттеріне аға оқытушы Э.К. Бектурова және докторант Ж. Буркитбаеваның ұйымдастыруымен ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбы аясында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының басты мақсаты – студенттердің болашақ кәсіби өмірінде өз құқықтарын білуін және бәсекеге қабілетті маман болуы үшін не қажет екені туралы түсінік қалыптастыру.
Презентация кезінде студенттер әлем бойынша лайықсыз жұмыспен қамтылғандардың статистикасы жөнінде ақпарат алып, жұмыс іздеушілердің лайықты жұмысқа қарағанда лайықсыз жұмысты таңдау себептерімен және бұл таңдауы қандай мәселелер тудыратынымен танысты. Сондай-ақ студенттер лайықты жұмыс дегеніміз не деген сұрақ төңірегінде өз ойларын білдіріп, ондай жұмысқа ие болу үшін маманға қандай қабілеттер керек екенін өзара талқылады. Іс-шара кезінде кәсіби өмірде маманның өзін дұрыс бағалай алуына ерекше назар аударылды.
Басқа жаңалықтар

