Сон Ю Джон профессор корей тілін үйренудің жаңа тәсілдерімен бөлістіFarabi University

Сон Ю Джон профессор корей тілін үйренудің жаңа тәсілдерімен бөлісті

27 ақпан, 2025

2025 жылғы 27 ақпанда Korea Foundation қаржылық қолдауымен Хангук шет тілдер университетінен шақырылған профессор Сон Ю Джон Корейтану бөлімінің студенттеріне арнайы дәріс оқыды. Дәріс "Рамен жеп кетесің бе? (Корей тілін үйренудің қызықты жолдары)" тақырыбында өтті.

Дәріске корейтану бөлімінің 1, 2, және 3 курс студенттері қатысты. Профессор Сон Ю Джон корей тілін үйренудің заманауи және тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, студенттерге тілді меңгерудің қызықты жолдарын ұсынды.

Дәріс барысында корей әліпбиінің дыбысталуын оңай әрі жылдам үйренуге көмектесетін тәсілдер мен әдістер таныстырылды. Сондай-ақ, тіл үйренуді күнделікті өмірмен ұштастыру, корей мәдениетін түсінуге бағытталған амалдар туралы маңызды ақпарат берілді.

Студенттер дәріс барысында белсенділік танытып, тіл үйрену тәжірибелерін бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Профессор Сон Ю Джон корей тілін оқытудағы жаңа тәсілдердің тілді меңгеру үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, оны қызықты әрі әсерлі ететінін атап өтті.

Бұл дәріс студенттердің корей тіліне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың тілдік дағдыларын жаңа деңгейге көтеруге үлес қосты.