Шығыстану факультетінің ашық есік күніне келген оқушылар Қиыр Шығыс кафедрасымен таныстыFarabi University

Шығыстану факультетінің ашық есік күніне келген оқушылар Қиыр Шығыс кафедрасымен танысты

27 ақпан, 2025

2025 жылдың 26 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінде өткізілген Ашық есік күні мектеп және колледж оқушылары үшін ерекше мүмкіндік болды. Олар факультеттің оқу үдерісімен, ғылыми жұмыстарымен танысып, шығыстану ғылымдарының тереңіне үңілді.

Ашық есік күніне келген  оқушылар  аталмыш іс-шара аясында  Қиыр Шығыс кафедрасымен танысып өтті. Бұл кафедра Корея мен Жапония елдерінің  мәдениеті мен тарихы, тілдері мен әдебиеті саласындағы кең ауқымды білім береді. Оқушылар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен танысып, Қиыр Шығыс елдерінің ерекшеліктері мен бұл аймаққа қатысты зерттеулер туралы қызықты мәліметтер алды.

Кафедра оқытушылары мен студенттері кафедраның ғылыми бағыттары, оқу бағдарламалары және Қиыр Шығыс тілдерін меңгерудің маңызды аспектілері туралы айтып берді. Сонымен қатар, кафедраның әртүрлі мәдени іс-шаралары, ғылыми жобалары және халықаралық ынтымақтастықтары жөнінде ақпарат берілді.

Қиыр Шығыс кафедрасында  оқуын бітіргеннен кейін білім алушының жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы да баяндалды, ҚазҰУ-дың академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде шетел университеттерінде білім алу мүмкіндіктері жайлы айтылды.

Бүгінгі кеште студенттер мен ата-аналардың шығыстану факультетінің оқу үдерісі, мамандықтары мен ғылыми бағыттары туралы сұрақтарына жауап  берілді.

Шығыстану факультетінің ашық есік күні білім мен ғылымды ұштастыратын маңызды шараға айналып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың шығыстану саласындағы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтті.