«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісім жолы» атты іс-шара өттіFarabi University

«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісім жолы» атты іс-шара өтті

26 ақпан, 2025

Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты – сапалы білім беру. Сапалы білім беру және оны дамыту – үлкен мә­селе. Осы орайда, шетелдік студенттерге тұрақты даму мақсат­та­рын түсіндіріп, оларға сапалы білім беру мақ­­сатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісім жолы» атты іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты шетелдік студенттерді Қазақстан халқы Ассамблеясы және бірлік пен келісім жолы туралы білім беру және ақпараттандыру болды.   

Іс-шара барысында доцент А.Е. Саденова өз сөзінде биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымына 30 жыл толғанын, 120-дан астам түрлі халықтардың өкілдері қоныстанған мемлекетте ұлтаралық қатынастардың қалыптасуы мен нығаюында шешуші рөл атқарып, көпұлтты қоғамдағы бірлік пен келісімнің символына айналғанын, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған үш онжылдықта республикада тұратын түрлі этностар арасындағы тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің тиімді құралы екенін дәлелденгені осы атал­ған мақ­саттың орын­да­луы­на үлесін қосқаны болып есептелетінін түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, іс-шара ба­рысында студенттерге Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі барлық этностарды біріктіргені туралы, бұл құрмет пен түсіністікке негізделген қоғам құру жолындағы маңызды қадам болғаны жайында, Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысатыны туралы мәліметтер берілді.

Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді және өзара пікір алмасты.

Құрманова Т.В.- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы