- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кураторлық сағат: ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және Жапонияның климаттық жүйесі
Кураторлық сағат: ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және Жапонияның климаттық жүйесі

25 ақпан күні Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 3-курс студенттерімен «Жапонияның климаттық жүйесі» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Жапонияның географиялық орналасуы мен табиғи ерекшеліктері оның климаттық жүйесінің алуан түрлілігіне әсер етеді. Елдің солтүстігіндегі Хоккайдо аралынан бастап оңтүстіктегі Рюкю аралдарына дейінгі аумақтар әртүрлі климаттық белдеулерде орналасқан, бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру салтына, ауыл шаруашылығына және экономикасына тікелей ықпал етеді.
Кураторлық сағат барысында студенттер Жапонияның климаттық ерекшеліктерін, олардың елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне әсерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, климаттың өзгеруі және оның Жапонияға тигізетін салдары, табиғи апаттардың жиілігі мен қарқындылығы, сондай-ақ осы мәселелерге қатысты елдің қабылдап жатқан шаралары қарастырылды.
Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында арта түсуде. Жапонияның климаттық жүйесін зерттеу арқылы студенттер табиғи құбылыстардың қоғам мен экономикаға әсерін түсініп, болашақта осындай мәселелерге дайын болу үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгереді.
Алдағы уақытта студенттер Жапонияның климаттық саясаты, табиғи апаттарға қарсы тұру стратегиялары және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары сияқты тақырыптарды тереңірек зерттеуді жоспарлап отыр. Бұл зерттеулер Қазақстан үшін де маңызды, себебі климаттық өзгерістер мен табиғи апаттарға қарсы тұру тәжірибесі екі ел үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жапонтану бөлімінің 3 курс эдвайзері,
аға оқытушы Шадаева М.Т.
Басқа жаңалықтар

