ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Ашық есік күні өтті. Шараға Алматы қаласынан мектеп-гимназия, мектеп-лицей, мамандандырылған лицей, жалпы білім беретін мектептердің дириекторлыр, сынып жетекшілері және оқушылары қатысты. Факультет деканы Ем Наталья Борисовна алғы сөзінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары арқылы болашақ талапкерлер өз мамандықтарына дұрыс таңдау жасай алатынын атап өтті.
Оқушылар әрбір кафедраны аралап, оқытылатын тіл елінің орталықтарымен танысты. Факультет ұстаздары оқушыларға шығыс тілін меңгерудің ерекшеліктерін және түлектердің жұмысқа орналасу перспективалары туралы жан-жақты айтты.
Шығыс тілін меңгеріп, академиялық ұтқырлықпен шетелге барып келген факультет студенттері факультеттің ерекшеліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер араб, парсы, урду, түрік, қытай, жапон, кәріс, хинди тілдерінде ән, би орындап қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кездесу барысында белсенді студенттер сұрақ-жауап ойындарын ұйымдастырып, сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға ынталандыру сыйлықтарын ұсынды.
Басқа жаңалықтар

