«80 күн – 80 іс-шара: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» 🎖️🇰🇿Farabi University

«80 күн – 80 іс-шара: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» 🎖️🇰🇿

28 ақпан, 2025


📅 2025 жылғы 28 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және сот сараптамасы» кафедрасының «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 3-курс студенттері №21 гимназияның 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

🕊️ Кездесудің басты тақырыбы – Ұлы Отан соғысы. Ерліктері тарихта мәңгі қалған батырлар – М. Мәметова, Ә. Молдағұлова, Р. Көшкірбаев және Б. Момышұлы есімдерін ұлықтауға ерекше назар аударылды.

💬 Студенттер оқушыларға қайсарлығы мен батылдығы кейінгі ұрпаққа үлгі болған батырлардың ерлік жолдары туралы айтып берді. Кездесу барысында оқушылар қазақстандықтардың соғыстағы рөлі мен олардың бейбітшілік пен тәуелсіздікті сақтау жолындағы ерлігінің маңызын тереңірек түсінді.

📚 Іс-шара тарихи фактілерді талқылау және пікір алмасу арқылы жанды қарым-қатынас форматында өтті.

🌍 Бұл кездесу БҰҰ-ның №4 Тұрақты даму мақсаты – «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға және патриоттық тәрбие беруге ықпал етті.

#Жеңіс80 #Тарих #Батырлар #Ерлік #Қазақстан #ҰОС #Память #Героизм #История #ВОВ #80летПобеды #Казахстан