«Адвокат – әділдік пен табыстың кәсібі»Farabi University

«Адвокат – әділдік пен табыстың кәсібі»

28 ақпан, 2025

28.02.2025 ж. БҰҰ-ның 16-мақсаты – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» шеңберінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушы құрамының атынан модераторлар Мынбатырова Н.К. және Смагулова С.К.-ның жетекшілігімен, сондай-ақ ЮП 204 тобының студенттік қауымдастығының белсенді қатысуымен Адвокаттардың тағылымдамадан өту және біліктілігін арттыру орталығында «Адвокат – әділдік пен табыстың кәсібі» тақырыбында дәріс өтті.


Дәрісті АГКА адвокаттары Балашов Т.Т. және Смагулова С.К. жүргізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері адвокат болу жолдары, мамандыққа кіру үшін қажет кезеңдер, сондай-ақ әділеттілікті қамтамасыз етуде және азаматтардың құқықтарын қорғауда адвокаттық қызметтің маңыздылығы туралы құнды білім алды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен мамандыққа деген қызығушылығы үшін алғысымызды білдіреміз!

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы