Қиыр Шығыс профессорлары ерекше марапаттарға ие болдыFarabi University

Қиыр Шығыс профессорлары ерекше марапаттарға ие болды

28 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына және «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай ерекше мәдени іс-шара өтті. Бұл шарада Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, ғылыми жетістіктерімен ерекшеленген профессорлар құрметке бөленді.

Цукуба Университетінен шақырылған профессор , PhD Ниномия Такаши «Әл-Фараби алтын» медалімен; Саясаттану ғылымдарының докторы, доцент  Мен Дмитрий Вольбонович  «Қазақстан халқы ассамблеясының Құрмет» грамотасымен;

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Чан Бенг Сун  «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қиыр Шығыс кафедрасы халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындап қана қоймай, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда кафедрада Корея Республикасынан келген 4 профессор және Жапониядан келген 1 профессор табысты еңбек етуде. Олардың әрқайсысы Қазақстан мен Қиыр Шығыс   елдері арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықты дамытуды мақсат етіп келеді.

Шығыстану факультеті  марапат иелерін шын жүректен құттықтайды және ғылыми ізденістерінде жаңа табыстар мен шығармашылық шабыт тілейді.