Докторлық диссертация шеңберінде ғылыми семинар өттіFarabi University

Докторлық диссертация шеңберінде ғылыми семинар өтті

2 наурыз, 2025

28 ақпан күні Таяу Шығыс және Оңтүстік елдері кафедрасының 2-курс докторанты Б.Базаркулова докторлық диссертациясы шеңберінде «Батыс санкцияларының Иран экономикасына әсері» атты тақырыпта ғылыми семинар өткізді. Семинарға кафедра оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты. Дайындалған презентация бойынша Иранға жарияланған санкциялардың себептері мен кезеңдеріне талдау жасалды. АҚШ-тың біржақты санкциялары мен халықаралық санкциялардың Иран  экономикасына әсерінің әртүрлі салдары сипатталды. Семинар соңында докторантқа сұрақтар қойылды, сыни пікірлер айтылды,  кеңестер ұсынылды. Базаркулова қатысушыларға өзінің алғысын білдірді. Өткізілген  ғылыми семинардың өзінің ғылыми жұмысына көмегін атап өтті.