Алғыс айту күні – қоғам мен оның әрбір мүшесіне жасалған игі істер мен қайырымды әрекеттерді бағалап, ризашылық білдіруге арналған ерекше күн. ❤️🤝Farabi University

Алғыс айту күні – қоғам мен оның әрбір мүшесіне жасалған игі істер мен қайырымды әрекеттерді бағалап, ризашылық білдіруге арналған ерекше күн. ❤️🤝

3 наурыз, 2025

Бүгін, 1 наурыз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасы серіктестерімен бірге Алматы қаласының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету шарасын ұйымдастырды. ⚖️📜

🎯 Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық қоғамды нығайту. 🤲📖

👨‍⚖️ Тұрғындарға кеңес берген тәжірибелі заңгерлер:
    •    Әділғазы Серікхан – PhD докторы, заңгер-ғалым
    •    Аратұлы Қуаныш – қауымдастырылған профессор, PhD докторы
    •    Сұлтанов Сабырхан Пердекожаұлы – заңгер-ғалым, құқық магистрі, Алматы қаласының адвокаттар алқасының адвокаты
    •    Аралбаева Айгерім Әділқызы – тәжірибелі нотариус
    •    Сондай-ақ “LEGAL PRO” заң қызметтері орталығының қызметкерлері

Құқығыңыз – өз қолыңызда! ⚖️💼