ТДМ 3 - "Денсаулық пен әл-ауқат"Farabi University

ТДМ 3 - "Денсаулық пен әл-ауқат"

3 наурыз, 2025

2025 жылдың 2 наурызында Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-ші мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында Қылмыстық құқық  қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Худайбергенов Ж.Т. жетекшілігімен 125, 115, 117 студенттер тобы арасында футбол ойыны ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара студенттердің физикалық денсаулығын нығайту, белсенді өмір салтын насихаттау және ТДМ-нің «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Ойын барысында студенттер тек спорттық бәсекелестікке емес, сонымен қатар командада бір-бірімен ынтымақтасуға, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды.
Футбол ойыны студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, топтық жұмыс пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етті. Сондай-ақ, дене шынықтыруды қолдау арқылы денсаулықтың маңыздылығын түсіндіруге және студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасалды.