- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ашық сабақ «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алудың жалпы және жеке профилактикасы»
Ашық сабақ «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алудың жалпы және жеке профилактикасы»

2025 жылдың 27 ақпанында Қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Худайбергенов Ж.Т. (ТДМ) 4-іске асыру шеңберінде «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алудың жалпы және жеке профилактикасы» тақырыбында 125 топ студенттеріне ашық сабақ өткізілді.
Семинар барысында студенттер қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының маңыздылығы мен әдістері туралы тереңірек түсінік алды. Студенттер сабақты белсенді түрде тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл ашық сабақ студенттердің қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу саласындағы білімін кеңейтіп, болашақта құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге дайындауға үлкен үлес қосты. Семинар барысында оқытушы қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алудың жалпы және жеке профилактикасын жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Жалпы профилактика қылмыс деңгейін төмендету мақсатында қоғамдағы барлық адамдарға бағытталған шараларды қамтыса, жеке профилактика қылмыс жасауға бейім адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Бұл тақырып студенттердің құқық қорғау саласындағы білімдерін тереңдетуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

