1-наурыз «Алғыс айту» мерекесіFarabi University

1-наурыз «Алғыс айту» мерекесі

1 наурыз, 2025

2025 жылдың 1-наурызында Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Аширкулов Канат Бахтиярулы 1-курс «Түркітану» мамандығының білім алушыларымен 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай іс-шара өткізді. 
Білім алушыларға бүгінгі күннің маңызы мен «Алғыс айту» күні мерекесінің шығу тарихы, оның қай кезеңдерден бастап мереке ретінде аталып өтуі туралы ақпарат берілді. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Білім алушыларға жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерін аямастан «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айту керектігін  ұғындырып өтті. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтауды ескертті. Алғыс тек бір адамға ғана емес, ата-анамызға, ұстаздарға, жақын жандарымызға, айналамыздағы достарымызға алғыс білдірудің маңыздылығы туралы ой қозғалды. Іс-шарада әрбір азамат өз ризашылығын, алғыс айтуды тек «Алғыс айту» күні ғана емес күнделікті білдіріп жүрудің қажеттілігі туралы айтылып, олар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдірді.
Студенттер арасында «Алғыс айту» күні мерекесіне орай сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап барысында ең жылдам, ең білімділер көзге түсті. Студенттер іс-шараны  домбырамен күй тартып, ән шырқап өз өнерлерін көрсетумен жалғастырды. 

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Аширкулов Канат Бахтиярұлы.