«Заң шығару процесі қалай жүзеге асырылады» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісFarabi University

«Заң шығару процесі қалай жүзеге асырылады» тақырыбындағы көшбасшылық дәріс

3 наурыз, 2025

27 ақпан 2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының бас маманы, PhD докторы Нұржан Сәулен заң факультетінің студенттеріне «Заң шығару процесі қалай жүзеге асырылады» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді. Дәріс барысында заң шығару кезеңдері мен тетіктері талқыланып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылды. Іс-шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы белсене қатысты. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ 16: Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар және ТДМ 4: Сапалы білім) ұштасып, ашық және есеп беретін институттарды нығайту мен білім сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдады.