- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР фитосанитария саласындағы фитосанитариялық қауіпсіздік пен ғылымды дамыту үшін нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
ҚР фитосанитария саласындағы фитосанитариялық қауіпсіздік пен ғылымды дамыту үшін нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
.png)
2025 жылы 27 ақпанда «Ұлттық аграрлық ғылым Академиясы» мен «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының» ұйымдастыруымен өткен «ҚР фитосанитария саласындағы фитосанитариялық қауіпсіздік пен ғылымды дамыту үшін нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел-семинарға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Рашева Гульнур Койшыновна қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бейінді Комитеттері және «Парламентаризм институты» қолдауымен өтті.
Дөңгелек үстел барысында Рашева Гульнур Койшыновна фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын ұсынды. Бұл шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ 2: Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аштықты жою және ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту) ұштастырылған, яғни қоршаған ортаны қорғау мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды.
Басқа жаңалықтар

