Алғыс айту күніне арналған іс-шараFarabi University

Алғыс айту күніне арналған іс-шара

3 наурыз, 2025

28 ақпан 2025 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г. А. Қуаналиева мен 108-топтың эдвайзері К. А. Бахманованың ұйымдастыруымен 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті. Студенттер ата-аналарына, ұстаздарына алғыс білдіріп, ризашылық мәдениеті мен қоғамдық келісімді нығайту маңыздылығын атап өтті. Бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ 16: Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар) үйлесіп, қоғамдағы татулық пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдады.