Сапалы білім-кемел болашақ кепіліFarabi University

Сапалы білім-кемел болашақ кепілі

1 наурыз, 2025

2025 жылы 1 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және білімберудегі менеджмент кафедрасының аға оқытушылары М. Мырзагулова мен А. Масимбаеваның жетекшілігімен филология факультетінің «8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс докторанттары М.Ақбергенова, С. Болатбек және Ә.Серікбаеваның ұйымдастыруыменғылыми-педагогикалық практика аясында (ТМД-бағыты) «Сапалы білім-кемел болашақ кепілі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш тәрбиесағатына екі шетел тілі мамандығының 1-курс студенттері жәнедокторанттары аса қызығушылықпен белсене қатысты.  Тәрбие сабағыныңбасты мақсаты: «Cтуденттердің танымдық қызығушылықтарын арттырып, академиялық талдау дағдыларын дамыту». Тәрбиелік іс-шара барысындасапалы білімнің маңыздылығы, ғылым мен технологияның дамуы жәнеҚазақстандағы білім беру мүмкіндіктері қарастырылып, студенттер білімгеқатысты өзіндік ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, пікір алмасу менойындардан кейін, іс-шара соңында қатысушылармен Қазақстандағы білімберу мүмкіндіктері жайлы сауалнама өткіздік. Тәрбие сағаты барысындақазіргі таңда білім алу тек әрбіріміздің жеке болашағымыз үшін ғана емес, еліміздің дамуы мен өркендеуі үшінде аса маңызды екендігі атап өтілді. Қайсалада болмасын, мықты мамандармен үздік жастар елдің тұрақты дамуыменбәсекеге қабілеттілігінің негізін қалайды. Сондықтан сапалы білім алу – әразаматтың өзіне ғана емес, тұтас қоғамға тигізер үлесі. Осыған орай, тәрбиесағатының қорытындысы ретінде білімге деген ұмтылыс пенжауапкершіліктің маңыздылығын терең түсіну қажеттігі айтылды.