- Басты бет
- Жаңалықтар
- Олимпиадаға қатысушылар – Қазақстан ЖОО студенттері БҰҰ ТДМ № 3, 6, 7, 9 және 12 орындау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін кафедраның инновациялық зертханаларына экскурсия жасады
Олимпиадаға қатысушылар – Қазақстан ЖОО студенттері БҰҰ ТДМ № 3, 6, 7, 9 және 12 орындау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін кафедраның инновациялық зертханаларына экскурсия жасады

Ақпан айының соңында физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасында "Лукойл Лубрикант Орталық Азия" ЖШС-мен бірлесіп "Petrogames - 2025" атты әр түрлі университеттер (Қазұу, ҚБТУ, Satpaev University, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті) студенттерімен олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысушылар үшін кафедра оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің химиялық кластерлі инновациялық зертханаларына экскурсия ұйымдастырды. жаңа типті зертханалар факультетте жақында пайда болды. Бакалавр, магистрант және докторанттар біздің кафедрада өздерінің дипломдық жұмыстары мен өздерінің ғылыми жетекшілерінің жобаларына қатысу мүмкіндігі бар өткізілетін өзекті тақырыптар бойынша №3 ТДМ-ға сәйкес (Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез-келген жаста жәрдемдесу игілігі үшін); №6 ТДМ (Су ресурстарын тиімді пайдалану және санитария); №7 ТДМ-ға сәйкес (Арзан, сенімді, тұрақты және қазіргі заманғы энергия көздерін қолжетімді ету үшін); №9 ТДМ (Берік инфрақұрылымды құру және тұрақты индустрияландыру және инновацияларды енгізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу) және №12 ТДМ-ға сәйкес (Рационалды модельдерді тұтыну және өндіруді қамтамасыз ету) жұмыстары бар. Зертхананың жабдықталуы шикізат дайындау және тазалау, реакция өнімдерін сапалық және сандық талдау, катализаторлар мен сорбенттерді синтездеу бағытында, алынатын өнімдердің және әзірленетін катализаторлардың физика-химиялық сипаттамаларын анықтауға тиіс барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бір қызығы, зертханаларға экскурсия басқа жоо студенттері үшін, физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасның жарнамасы да болды, шын мәнінде кафедра туралы кәсіптік бағдар берілді. кафедрада магистратура бағдарламалары бойынша екі дипломдық білім алу мүмкіндігін француз университетімен келісім-шарт арқасында оқыту шарттары түсіндірілді. Қатысушыларға экскурсия барысында кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми бағыттары қысқаша сипатталды. осындай кездесулер арқасында кафедраға келетін студенттер саны ұлғайтылады деп үміттенеміз.
Сасыкова Л.Р., профессор
Жакирова Н.Қ., доцент
Құдайбергенов Н.Ж., доцент
Басқа жаңалықтар

