«Petrogames – 2025» - жыл сайынғы студенттік олимпиаданың қорытындысы

2025 жылдың 27-28 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінде «Petrogames – 2025» атты олимпиада өтті. Іс- шараны химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы ұйымдастырды. Олимпиаданың демеушісі – май және жағармай шығаратын қазақстандық кәсіпорын «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС (Алматы қаласы). Биыл екінші жыл өткізіліп отырған бұл шара жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналмақ. Биылғы жылы олимпиадаға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, Қазақ-Британ техникалық университетінен, Сәтбаев университетінен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен барлығы 39 студент қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми қызметке қызығушылығын анықтау мен дамыту, дарынды студенттер мен мектеп оқушыларын қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. Олимпиада Қазақстандағы химиялық білім берудің құрамдас бөлігі бола отырып, білім беру, танымдық және дамытушылық функцияларды орындауға арналған. Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге ҚазҰУ SPE (Society of Petroleum Engineers KazNU) ұйымының мүшелері (Погоров Ф. (SPE президенті), Марат А., Бөлекбаев Е., Жамбыл Д., Панюков В., Кислова А., Овсянникова Е., Мауленова З., Балгараев А., Симонов М.), «7М07101 – Мұнайхимия» мамандығының 1 курс магистранттары (Нұрым Б., Маткир Ж., Ерсайнова Д., Аманжолов А.) және кафедра оқытушылары Әубәкіров Е.А. (кафедра меңгерушісі), Ташмухамбетова Ж.Х., Тусупбекова А.С., Ешова Ж.Т., Акбаева Д.Н., Жакирова Н.К., Сасыкова Л.Р., Бәкірова Б.С., Құдайбергенов Н.Ж., Жаксылыкова Г.Ж., Канапиева Ф.М., Абдрасилова А.К.) белсене қатысты. Осы орайда олардың маңызды және жоғары кәсіби жұмысын атап өткен жөн.
Жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада екі кезең бойынша өтті. Бірінші күні бірінші кезеңде қатысушылардың бейорганикалық, органикалық және физикалық химия бойынша білімдерін алдын ала бағалау үшін қатысышылар тестілеуден (1 тур) және химиялық Kahoot (2 тур) өтті. Екінші күні екінші кезеңде қатысушыларға есептер шығару ұсынылды. Екі күн бойы өткен олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған финалистер анықталды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар мен демеушінің шешімімен алғашқы бес орынға финалистерді материалдық ынталандыру туралы шешім қабылданды. Іс-шара демеушісінің жалпы жүлде қоры 320 000 теңгені құрады. «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС кәсіпорын өкілі Барбашов С.С әр қатысушыны дипломмен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Олимпиадаға қатысушылар өз білімдерін, дағдыларын көрсетіп, сұранысқа ие және қажет екенін сезініп қана қоймай, сонымен қатар оларға «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» кәсіпорнында жазғы тәжірибеден өтіп, құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктер ашылды.
Дина Акбаева,
химия ғылымдарының докторы, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті
Жания Ешова,
химия ғылымдарының кандидаты, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар

