"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2024 жыл" байқауының жеңімпаздары

2025 жылғы 26 ақпанда "ЖОО үздік оқытушысы – 2024" байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Республикалық конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша "ЖОО – ның үздік оқытушысы-2024 жыл" атағын Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушылары доцент, х.ғ.д. Акбаева Дина Наурызбайқызы және доцент, х.ғ.к. Василина Гүлзира Қажымұратқызы иеленді. Олар төсбелгі мен ақшалай марапаттаудың иегерлері болды. Олар 38 қазақстандық жоғары оқу орындарының 150 үздік оқытушыларының қатарына кірді.
Байқауға еліміздің 90 жоғары оқу орнынан 946 үміткер қатысты. Байқау ҚР ХӘҰ ақпараттық жүйесі базасында өтті. "ЖОО – ның үздік оқытушысы-2024" конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданды. Бұл байқаудың ашықтығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ комиссия құрамына ҮЕҰ, ЖОО қауымдастығының өкілдері және жоғары білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.
Конкурс жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Конкурста электрондық оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды.
Біз әріптестерімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрі қарай ғылыми және шығармашылық жетістіктер тілейміз! Бұл марапат жаңа кәсіби биіктерге жетуге ынталандыру болып табылады!
Бұл марапат жоғары кәсібиліктің, білім мен ғылымды дамытуға елеулі үлес қосудың, сондай-ақ академиялық және зерттеу мұраттарына берілгендіктің айғағы болып табылады.
Біз оқытушыларымызды мақтан тұтамыз және оларға білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Жақсылықова Г.Ж.
Басқа жаңалықтар

