Экологиялық құқық пәнінен қонақ дәріс

Біріккен Ұлттар Ұйымының 15 - Тұрақты даму мақсаттары «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында 25.02.2025 жылы сағат 10.30 – 11.30 аралығында «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы онлайн режимінде Ташкент мемлекеттік заң университетінің 2 курс студенттеріне Экологиялық құқық пәнінен «Правовые проблемы использования и охраны трансграничных водных ресурсов Республики Казахстан и Центральной Азии» атты қонақ дәріс оқыды. Дәріс барысында еліміздің трансшекаралық су ресурстарының жай-күйі, олардың тиімді пайдалануы мен қорғалуы туралы өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мен қорғау аясындағы мемлекеттер арасындағы екі жақты және көп жақты келісім – шарт жасасу мәселелері талқыланды. Дәріс соңында лектор студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Басқа жаңалықтар

