Құттықтаймыз!!!Farabi University

Құттықтаймыз!!!

28 ақпан, 2025

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына, ұлттар достығына 30 жыл  толуына және алғыс айту күніне байланысты бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Басқарма Төрағасы – Ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының басшылығымен мерекелік іс шара өткізілді. Іс-шараны университетіміздің ректоры Жансейіт Қансейітұлы ашып, барлық осы іс-шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, бейбітшілік пен этносаралық достықты, ынтымақтастықты нығайту басым бағыттардың бірі және ұлтаралық достығымыздың мәңгілік сақталуына әрқайсымыздың үлесіміздің зор екеніне тоқталып өтті. Мерекелік кеш барысында басқарма төрағасы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерін медаль және төсбелгілермен, сонымен қатар, Құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапаттады. Сол марапатталған әріптестеріміздің ішінде Нестеренкова Лариса Алексеевнаны "Фараби" алтын медалімен, Гусманова Фарида Равильевна Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісімен, Пыркова Анна Юрьевнаны ректордың "Алғыс хаты"-мен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жана берсін. Біз сіздермен мақтанамыз!!!

Компьютерлік ғылымдар кафедрасының ұжымы