Қытайтану кафедрасында этнолингвистика мәселелері талқыланды

2025 жылғы 4 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасында «Тіл біліміндегі этнолингвистика ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарды қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Нурманғазы Кенесұлы Абдраев өткізді.
Іс-шара барысында этнолингвистиканың негізгі аспектілері, тіл мен мәдениеттің өзара байланысы, сондай-ақ Эдвард Сэпир, Бенджамин Ли Уорф, Юрий Лотман және заманауи қытай және еуропалық ғалымдардың көзқарастарын салыстырмалы түрде талдау мәселелері қарастырылды.
Семинар екі бөлімнен тұрды: теориялық бөлімде этнолингвистиканың негізгі тұжырымдамалары баяндалып, дискуссиялық бөлімде қатысушылар қазіргі заманғы тенденциялар мен өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар этнолингвистиканың ұлттық сана-сезімді және мәдениетаралық коммуникацияны зерттеудегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жаһандану үрдісінің тілдік процестерге әсеріне ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара ғылыми пікір алмасудың және кәсіби дамудың маңызды алаңына айналды.
Басқа жаңалықтар

