«Мың алғыс саған, ҚазҰУ-ым!»Farabi University

 «Мың алғыс саған, ҚазҰУ-ым!»

1 наурыз, 2025

Тыңдаушылардың арасындағы рухани-адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында  «Мың алғыс саған, ҚазҰУ-ым!» атты тәрбие сағатын,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына орай «40 іс-шара» аясында 1наурыз алғыс айту күніне ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 5 топ тыңдаушыларына  өткізілді.Тыңдаушыларға алғыс айту күнінің шығу тарихы айтылды. Бұл күн қазақтардың ынтымақшылдығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтілетіндігі айтылды.
Қазақ кең болсаң, кем болмайсың деген әрқашан. Сол мінездің арқасында өзінің ғана емес, өзгенің де көңілін тауып келеді. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қазақ қасиеттер де бойымызға дарыған. Сондықтан, көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керектігі айтылды.Соңында бәрі де бір-біріне шексіз алғыстарын айтып, қос-қостан шүйіркелесіп отырған тыңдаушылардың қарасын көрдік