Газет, журналдардың адам өміріндегі орныFarabi University

Газет, журналдардың адам өміріндегі орны

25 ақпан, 2025

2025 жылғы ақпан айының жиырма бесінші жұлдызында 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Раисова Ақнұр «JOO High School Almaty» мектебінен өтіп жатқан педагогикалық тәжірибесінің негізінде 9 «В» сынып оқушыларына «Газет, журналдардың адам өміріндегі орны» тақырыбы аясында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ ТДМ 4. «Сапалы білім беру  мақсаттарын жүзеге асыру» аясында ұйымдастырылды. Ашық сабақтың мақсаты ретінде оқушыларға газет пен журналдардың адам өмірінде маңызды рөл атқаратын ақпарат құралы екендігін және олардың қоғамның ақпараттық тұрғыдан дамуына, білімнің таралуына, мәдениеттің қалыптасуы мен азаматтық қоғамның құрылуына зор үлесі бар екендігін түсіндірді. Оқушылар тақырыпқа сәйкес берілген мәтін аясында өз көзқарастарын білдірді және соған сай сыни пікірлерін айтып, баға берді. Сабақ оқушылармен сәлемдесіп, түгендеуден басталды. Кейін қазақ тарихындағы орны бар «Дала уалаяты», «Айқап» және «Қазақ» баспасөздерінің аты жасырылған газет бейнесіндегі арнайы қағаздар бойынша үш топқа бөлінді. «Өткенді еске түсірейік» атты викториналық сұрақтар арқылы өткен тақырып пысықталды. Үш топқа ұсынылған мәтін негізінде арнайы тақырыптар берілді. Оқушылар сол тақырыптар негізінде постер құрады және шығармашылық жұмыс ретінде жаңа газеттің атауы мен дизайнын құрады. Сабақты қорытындылау үшін «Quizizz» жүйесі арқылы пысықтау сұрақтары ұсынылды. «Шыңға шығу» атты тәсіл арқылы оқушылар 10 баллдық шкала бойынша бірін-бірі бағалады. Сабақ соңында кері байланысқа «Сабақ құсжолы» тәсілі қолданылып, оқушылар сабақ туралы пікірлерін қорытындылап жазды.

 

Саргелтаева Ардақ, қазақ әдебиеті

және әдебиет теориясы кафедрасының

аға оқытушысы, практика жетекшісі