.jpg)
«Алғыс айтудың маңызы зор!» - деген ұранмен бірінші наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайынығы кафедрасының 6-топ студенттерімен тәрбие іс-шарасы өтті. Бұл ТДМ 3 іс-шарасы Қазақстанда Алғыс күнін мерекелеуге арналды. Шетелдік студенттер көпұлтты Қазақстан Республикасындағы бұл мерекенің тарихы туралы БАҚ-тан оқып танысқан екен. Студенттер осы тақырып бойынша ақпарат бөлісіп, куратордан өздері қызығатын сұрақтарына жауап алып, мерекенің маңыздылығына тәнті болды. Шара соңында студенттер өмірде кімге және не үшін алғыс айтамыз деген сұрақтарды талқылады. Олар тақтаға шығып өздері үшін маңызды деп санаған алғыстарын жазды: ата-аналарға өмір сыйлағандары үшін, білім берген және өте шыдамды ұстаздарға, достық үшін достарына, елдегі өмірді жақсартуға тырысқан үкіметке алғыстарын білдірді. Бұл кездесу аяқталғаннан кейін студенттер топ жетекшісіне және бір-біріне қызықты ақпарат, осы мәселені талқылауға және өз ойларын білдіруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
А.С.Айтпаева - 6-топтың кураторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайынығы кафедрасының оқытушысы.
Басқа жаңалықтар

