Қазақстандағы балет өнерімен танысу
.jpg)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетел студенттерінің кураторлары Айтпаева А.С. (6 топ) және Якубаева К.С. (10-топ) ТДМ 17 бағытының «Әртүрлі елдердің мәдениеті мен өнеріне қызығушылық таныту» аясында «Қазақстандағы балет өнерімен танысу» атты танымдық іс-шара өткізді. Кураторлар қытайлық және корей студенттеріне Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры туралы айтып, театр мәдениетімен, театр репертуарымен таныстырды. Қытайлық студенттердің көпшілігі бұрын-соңды балет пен операға бармаған, театрға барғанда қандай ережелер бар екені туралы, мысалы, сыртқы киімді гардеробқа тапсыру қажеттігі туралы, залға сусындар мен тамақпен кіруге болмайтыны туралы түсінігі болмаған. Бұдан басқа, театрға киюге болатын немесе болмайтын киім-кешек мәселелері талқыланды. Бұл ақпарат студенттер үшін пайдалы болды. Куратормен бірге опера және балет театрына бару жоспарланып отырғаны туралы студенттер ақпан айының басында білді. Олар бұл идеяны белсенді қолдады, сондықтан билеттер алдын ала сатып алынды. Студенттер кураторларымен бірге Абай атындағы опера және балет театрында «Шопиниана, Бах, Болеро» бір актілі балет тамашалады. Балет өнерімен таныс студенттер бишілер мен музыканттардың дарынына таңданыстарын білдірді. Үзіліс кезінде студенттер қуана-қуана суретке түсті. Келесі күні кураторлар студенттермен Қазақстандағы өнермен танысудың алғашқы қадамын талқылап, кураторларға жаңа білімдері мен әсерлері үшін алғыстарын білдірді.
А.С. Айтпаева, Қ.С. Якубаева - 6 және 10-топ жетекшілері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары
Басқа жаңалықтар

