МКМ кафедрасының оқытушысы Асель Оразалиевна Бекетаева «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталдыFarabi University

МКМ кафедрасының оқытушысы Асель Оразалиевна Бекетаева «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

28 ақпан, 2025

2025 жылдың 28 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Farabi HUB» орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік шара аясында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Асель Оразалиевна Бекетаева ғылым мен білім саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Іс-шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ҚазҰУ-дың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. ҚазҰУ Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық келісімді нығайтудағы және мәдени әртүрлілікті сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Салтанатты жиында «Фараби» алтын медалі, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі, Алматы қаласы әкімінің және ҚазҰУ ректорының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

«Ерен еңбегі үшін» төсбелгісіғылым, білім және елдің зияткерлік әлеуетін дамытудағы айрықша еңбегі үшін берілетін мемлекеттік марапат. Бұл марапат Асель Оразалиевна Бекетаеваның ғылыми зерттеулерді дамытуға, болашақ мамандарды даярлауға және ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан маңызды үлесін мойындаудың белгісі болып табылады.

Аталған марапат сондай-ақ БҰҰ-ның 4-ші Тұрақты даму мақсаты – «Сапалы білім» қағидаларын жүзеге асыруға сәйкес келеді, бұл білім сапасын арттыруға, ғалымдарды қолдауға және ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған.

Асель Оразалиевнаны лайықты марапатымен құттықтаймыз және ғылыми әрі педагогикалық қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының маманы