Қытайтану кафедрасында компьютерлік лингвистиканың қазіргі зерттеулердегі рөлі талқыландыFarabi University

Қытайтану кафедрасында компьютерлік лингвистиканың қазіргі зерттеулердегі рөлі талқыланды

6 наурыз, 2025

4 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасында «Компьютерлік лингвистика» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды 1-курс докторанты Ұлжан Жұбаниязова жүргізді.

Іс-шараға қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Е.А. Керімбаев, аға оқытушылар А.А. Арзыкулов, А.С. Қойбақова, сондай-ақ шығыстану факультетінің магистранттары мен докторанттары қатысты.

Семинар барысында Ұлжан Жұбаниязова ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін мультимедиялық презентация түрінде ұсынды. Ол әсіресе компьютерлік лингвистиканың Қытайдың ақпараттық технологияларымен өзара байланысына ерекше назар аударып, бұл интеграцияның түрлі ғылыми және қолданбалы бағыттардың дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Докторант PhD, доцент Е.А. Керімбаев жүргізетін «Когнитивті және коммуникативті мақсаттағы шығыс тілі» пәнінен алған білімінің компьютерлік лингвистиканы зерттеуде маңызды рөл атқаратынын айтты. Семинар қатысушылары Қытай мен әлемдегі технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында бұл пәннің болашағы туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында қатысушылар пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойды. Іс-шара қорытындысы бойынша семинар жоғары деңгейде өткендігі және ғылыми зерттеушілер арасындағы диалогтың дамуына маңызды үлес қосқаны атап өтілді.