«Ұлттық бірегейлік» тақырыбындағы кураторлық сағатыFarabi University

«Ұлттық бірегейлік» тақырыбындағы кураторлық сағаты

24 ақпан, 2025

    Ақпан айының 24-ші жұлдызы күні картография және геоинформатика кафедрасының оқытушылары Кожахметова У.К. және Қырғызбай Қ.Т. ұйымдастыруларымен «Ұлттық бірегейлік» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

    «Ұлттық бірегейлік» тақырыбындағы кураторлық сағат студенттерге және олар арқылы болашақ ұрпаққа –  ұлттық құндылықтарды бағалауға, елдің мәдени мұрасын сақтауға және ұлттық сана-сезімін арттыруға негізделіп, ұйымдастырылған негізді мәдени шара.

Мәдени шара  мақсаты:

1. Студенттерге ұлттық бірегейліктің мәнін түсіндіру және ұлттық сана-сезімді қалыптастыру;

2. Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары мен ұлттық құндылықтарының маңыздылығын талқылау;

3. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу және елге деген сүйіспеншілікті арттыру;

4. Жеке жауапкершілікті дамыту арқылы ұлттық дәстүрлерді сақтауға ынталандыру.

Ақпараттық материалдар:

1) Қазақстанның тарихи тұлғалары туралы қысқаша бейнежазбалар;

2) Қазақ халқының даналық сөздері мен тәрбиелік мәні бар нақылдар;

3) Ұлттық мәдениет пен тарих бойынша топтық тапсырмалар мен жобалар.

4) Ел тарихына арналған қысқаша фильмдер мен бейнересурстар;

5) Мақал-мәтелдер жинағы және тәрбиелік нақыл сөздер;

6) Студенттер дайындаған ұлттық тақырыптағы шығармашылық жобалар.

      Нәтижесі:

    Тәрбие сағаты барысында студенттер ұлттық құндылықтардың мәнін терең түсініп, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңыздылығы жайлы өз ойларымен бөлісті. Шара соңында қатысушыларға ұлттық рухты көтеру және мәдени мұраларды сақтау бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

      Бұл тәрбие сағаты жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық болмысты ұғынуға және ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.