- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Қарагөз» қойылымына бару
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Қарагөз» қойылымына бару

21.02.2025 күні геодезия және картография мамандығының 2-курс студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын тамашалады. Бұл қойылым қазақ халқының салт-дәстүрлері мен олардың жастар тағдырына әсерін тереңінен бейнелейтін маңызды туындылардың бірі болып табылады.
Қойылым барысында студенттер қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларының бірі – «Қарагөз» трагедиясымен танысты. Басты кейіпкерлер Қарагөз бен Сырымның бір-біріне деген шынайы сүйіспеншілігіне қарамастан, олардың қосылуына ру дәстүрі бойынша жеті атаға жетпеген туыстық кедергі келтіретіні көрсетілді. Бұл жағдай дәстүр мен жеке бостандық арасындағы күрделі қақтығысты бейнелейді.
Студенттер қойылым арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптарының маңызын түсініп, олардың қоғамдағы рөлін сараптады. Жеті ата заңы – халықтың генетикалық тазалығын сақтауға бағытталған дәстүр болғанымен, оның белгілі бір жағдайда жеке тұлғаның тағдырына әсер ететініне назар аударылды.
Қойылымнан кейін студенттер қазақ салт-дәстүрлерінің екіжақты сипаты туралы ой қорытып, олардың тарихи маңыздылығымен қатар, заман талабына сай өзгеру мүмкіндігін талқылады. Осындай мәдени іс-шараларға қатысу студенттердің ұлттық әдебиет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

