Өнер арқылы мәдени ықпалдасу: ҚазҰУ-дағы шетелдік студенттер қазақ театры әлеміндеFarabi University

Өнер арқылы мәдени ықпалдасу: ҚазҰУ-дағы шетелдік студенттер қазақ театры әлемінде

5 наурыз, 2025

2025 жыл 5 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары К. Душаева, Ф. Абдуллаева, 1-курс докторанты А. Ерлан ТДМ 11. «Тұрақты қалалар және елді мекендер» тақырыбы аясында 1-курс түркмен студенттерін қазақ мәдениеті және өнерімен жақынырақ таныстыру мақсатында Г. Хугаевтың «Қарашекпен» қойылымына алып барды.

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көптеген шетелдік студенттер білім алуда. Осындай мәдени іс-шаралар олардың жаңа ортаға бейімделуіне, қазақ мәдениеті мен өнерін тереңірек түсінуіне, сондай-ақ өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға зор мүмкіндік береді. Театрға бару оқытушылар мен студенттерге рухани демалып, шығармашылық шабыт алуға ықпал етті.

Бұл мәдени бастама студенттердің тұлғалық және мәдени дамуына ықпал етіп қана қоймай, олардың бір-бірімен ынтымақтастық орнатуына, ортақ құндылықтарды бағалауына жол ашады. Университет қабырғасында білім алып жатқан әрбір шетелдік студент үшін қазақ мәдениетімен жақын танысу – олардың бейімделу үдерісінің маңызды бір бөлігі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары К. Душаева және Ф. Абдуллаева.