Факультеттің қорғауға шықпаған PhD докторанттарымен кездесуі

2025 жылғы 06 наурыз күні Шығыстану факультетінде әр жылдары қорғауға шықпаған докторанттар үшін онлайн ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға университеттің Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының басшысы, PhD - Куанова Лаура Айболовна, Шығыстану факультетінің диссертациялық кеңесінің төрайымы фил.ғ.д., профессор - Надирова Гүлнар Ермұратқызы және факультет басшылығы, кафедра меңгерушілерінің орынбасарлары қатысты.
Кездесуді ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары, PhD С.Б.Алипова ашты. Ол отандық ғылымды дамыту үшін, сондай-ақ жалпы еліміз үшін жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті және докторанттарды Шығыстану факультетінің жаңа диссертациялық кеңесінің мүшелерімен таныстырды.
Кездесу барысында ҒКДАБ басшысы, PhD Л.А. Қуанова докторанттарға дәрежелер берудің жалпы ережелері, докторлық диссертацияларды қорғауға қойылатын жаңа талаптар, отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілерді бекіту/қайта бекіту, ғылыми басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (SCOPUS, WOS) ғылыми басылымдардың бекітілген тізбесіне енгізілген мақалаларды жариялау туралы және т.б. құнды ақпараттарға түсініктемелер беріп өтті.
Сонымен қатар, Диссертациялық кеңестің төрайымы фил.ғ.д., профессор Г.Е. Надирова өз сөзінде докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін әрдайым өздерінің ғылыми кеңесшілерімен және ғылыми-зерттеу қызметіндегі бітіруші кафедрамен тығыз байланыста болуы керек екенін атап өтті. Ол қорғау үшін докторанттар диссертациялық кеңеске жұмыстардың барлық түрлерін уақытылы және сапалы орындауға және барлық қажетті материалдарды Ғалым хатшыға ұсынуға міндетті екенін қосымша хабарлады.
Кездесу соңында докторанттар сөз сөйлеген барлық спикерлерге өз сұрақтарын қойып, оларға құнды жауаптар ала алды. Кездесу жоғары деңгейде өтті, әрі докторанттарға докторлық диссертацияларын қорғауға дайындық кезінде жүргізілетін жұмыстары үшін маңызды ақпараттар берді.
Басқа жаңалықтар

